Алматы облысында зейнеткердің үйін банк тартып алмақ болды

Азиз Қалижан Редактор
05.11.2025, 09:55
3369
Алматы облысында зейнеткердің үйін банк тартып алмақ болды Stock

63 жастағы әйелдің банкке 8,8 млн теңге қарызы болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында 63 жастағы әйел банк кесірінен өз үйінен айырылып қала жаздады.

Алайда апелляциялық сот оны көшеден қалдырмай, баспанасын сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Іс материалдарына сай, зейнет жасындағы тұрғын 2022 жылы 9 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген. Мақсаты – өзіне баспана алу. Мерзімі — 88 ай, жылдық үстемақысы — 18%. Қарызды қайтаруды қамтамасыз ету үшін Талғар қаласындағы жалғыз пәтері кепілге қойылған.

Бағалау есебі бойынша, бұл үйдің нарықтық құны — шамамен 25 млн теңге.
2024 жылға қарай қарыз көлемі өсіп, негізгі берешек, сыйақы және айыппұлдарымен бірге 8,8 млн теңгеге жеткен.

Апелляция соты әйелдің жағдайын — зейнеткер екенін, басқа баспанасы жоқтығын ескеріп, тараптарды келісімге келуге шақырды.

Нәтижесінде медиативтік келісім жасалып, әйел қарызды 8,5 млн теңге көлемінде 2025 жылдың тамызынан 2028 жылдың қыркүйегіне дейін бөліп өтеуге міндеттелді.

Ең маңыздысы — төлемдер уақытылы жүргізілген жағдайда пәтерін тартып алу кейінге шегерілді. Осылайша, зейнеткер үйсіз қалудан аман қалды.

Сот алқасы бұл келісімді заңға сай, ерікті түрде жасалған, әділ әрі адамгершілік қағидаттарына сәйкес деп таныды.

Түйін:

– Талғар аудандық сотының 9 сәуірдегі шешімі күшін жойды;
– медиативтік келісім бекітілді;
– іс жүргізу тоқтатылды.

Шешім жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді және шағымдануға жатпайды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды