Германияда құрсақтағы сәбиімен өлтірілген судья Айгүл Сайлыбаеваның ісін Қазақстан өз бақылауына алды
Күдіктілер шетелге кетсе де, неміс полициясы әрекетсіз отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Айгүл Сайлыбаева өліміне қатысты қылмыстық істі өзінде тергей бастады. Себебі Германияда өткен жарты жылға жуық уақытта бір де бір күдіктіге айып тағылмаған. Бұл жөнінде адвокат Жанна Оразбақова хабарлады.
Айгүл Сайлыбаеваны 2024 жылдың маусымында Эрлахе көлі маңынан өлі күйде тапқан. Ол 24 апталық жүкті болған. Отбасына жақындар «әйел көп уақыт бойы күйеуінен және енесінен қысым көрді» дейді.
Адвокаттың айтуынша, басты күдіктілер – марқұмның күйеуі Александр Донцов пен оның анасы. Нақты айғақтар да бар: пәтердегі қан іздері, хаттар, сараптама қорытындылары. Бірақ неміс тергеуі бұлардың бірін де шешуші дәлел ретінде қарастырмаған.
«Айгүл жоғалған түні енесі Германиядан бірден кетіп қалды. Ал күйеуі бірнеше айдан соң қызына ертіп Ресейге шығып кетті. Соған қарамастан полиция оларды ұстамады» – дейді Оразбаева.
Қазақстанда істің қайта тіркелуі – марқұмның туыстары үшін соңғы мүмкіндік. Олар Сыртқы істер министрлігінен Германияға дипломатиялық нота жолдауды және тергеудің тоқырауын ашық көтеруді сұрайды.
Айгүлдің туған-туыстары оның қасақана азапталып өлтірілгеніне сенімді. Олар «қылмыскерлер денені қышқылмен зақымдап, шашын алып тастап, пакеттерге салып жасырған» дейді. Соған қарамастан Германия күдіктілерді ресми тұлға ретінде танудан да бас тартып отыр.
Айгүл – бұрынғы судья, «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Достары оның өмір бойы отбасы үшін үнсіз шыдағанын айтады. Енді оның әділдігін тек туған елі талап етіп тұр.
Материал авторы