11174

«Tesla» Маскқа триллион доллар сыйақы бермек

Масктың байлығы 437 млрд доллар болса да, өзі қосымша сыйақыға үмітті.

«Tesla» Маскқа триллион доллар сыйақы бермек
AP Photo/Julia Demaree Nikhinson

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Tesla» акционерлері Илон Маскқа триллион доллар көлеміндегі сыйақыны бекітті. Бұл шешімді компания инвесторларының 75 пайызы қолдаған. Дауыс беру нәтижесі «Tesla» компаниясының X парақшасында көрсетілді.

Маск бұған дейін басқарудағы ықпалын арттырмаса, бас директор қызметінен кетуі мүмкін екенін ашық айтқан. Триллиондық марапат оған тек компания белгілі бір тиімділік деңгейіне жеткен жағдайда ғана беріледі.

Нақты талаптардың бірі – «Tesla» нарықтық капитализациясын 8,5 триллион долларға жеткізу. Қазір бұл көрсеткіш алты есе төмен. Масктың бүгінгі байлығы 437 миллиард доллар деп бағаланғанымен, оның көздеген межесі одан да жоғары.

Материал авторы