Шерхан Қалмұрзаның анасы қажылыққа жол тартты
Шерханға сыйға берілген жолдамамен анасы Меккеге аттанды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қайрат» футзал клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның анасы Сауле Рабаева қасиетті сапарға аттанды.
Чемпиондар лигасында «Спортинг» және «Реал Мадрид» командаларына қарсы алаңға шыққан 18 жастағы Шерхан қақпада жарқырап, жанкүйерлер жүрегін жаулады. Сол ойындардан кейін ол ел ішінде кең таныла бастады.
Алматыдағы бір салтанатты кеште Шерхан мен оның анасын қажылыққа жіберу туралы ұсыныс жасалып, жолдама сыйланды. Сауле Рабаева қасиетті жерде түскен суреттерімен бөлісіп, алғысын білдірді:
«Ұлыма арналған умра өзіме бұйырыпты. Ізгі ниет үшін рақмет» — деп жазды ол әлеуметтік парақшасында.
Бұған қоса, «Реал Мадридпен» тарихи кездесуден кейін кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов жас қақпашыға заманауи көлік тарту етсе, Ғылым және жоғары білім министрлігі оған білім грантын тағайындады.
Материал авторы