Қазақстан мен OpenAI білім саласында келісімге қол қойды

07.11.2025, 11:21
16938
Қазақстан мен OpenAI білім саласында келісімге қол қойды gov.kz

Қазақстан жоғары білімге жасанды интеллект енгізеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Вашингтондағы C5+1 бизнес-форумы барысында Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, OpenAI және Freedom Holding Corp. білім және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат аясында жоғары және техникалық білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу, оқытушылар мен студенттердің цифрлық дағдыларын күшейту, сондай-ақ қазақ және көптілді оқу контентін дамыту қарастырылған.

Бастаманың негізгі бөлігі – елдегі жоғары оқу орындары мен колледждерге ChatGPT Edu платформасын сынақ ретінде енгізу. Бұл оқу, зерттеу және әкімшілік үдерістерде жасанды интеллект мүмкіндіктерін жүйелі түрде пайдалануға жол ашады.

Жоғары білім саласындағы үйлестіруді Ғылым және жоғары білім министрлігі атқарады. Орта, техникалық және кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимылды Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қамтамасыз етеді. OpenAI технологиялық қолдау мен лицензия ұсынады, ал Freedom Holding Corp. платформаны қаржыландыру мен ұйымдастыруға қатысады.

Министр Саясат Нұрбек бұл келісімді Қазақстанның жоғары білімді жаңғыртудағы маңызды қадам деп атады. Оның айтуынша, жасанды интеллектке негізделген құралдар білім сапасын арттырып, елдің өңірдегі ғылыми-инновациялық әлеуетін күшейтеді.

Министрліктің мәліметінше, меморандумды жүзеге асыру ұлттық AI-экожүйесін қалыптастыруға серпін беріп, білім беру саласын цифрлық дәуір талаптарына бейімдеуге бағытталады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады