SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі продюсер Мөлдір Мұқан бұрынғы жары, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен ажырасуына қатысты резонанс тудырған сұхбаты жөнінде түсініктеме берді. Ол 14 жыл бойы жұбайының опасыздығына көніп келгенін айтқаннан кейін қоғамда сын күшейген болатын.
Мұқан өзіне бағытталған айыптауларға жауап беріп, сұхбат арқылы ерлер мен әйелдерді қарсы қоюды көздемегенін атап өтті. Оның айтуынша, ол тек өз өмірінде бастан өткерген жайттарды баяндаған.
Әртіс отбасылық жағдайды көпшіліктің назарына әдейі шығарып, танымалдыққа ұмтылмайтынын қадап айтты. Ол үшін жеке өмірді көпшілік талқысына салу – дұрыс емес шешім.
Мөлдір Мұқан сұхбат алдында бұрынғы жолдасын хабардар етуге тырысқанын, бірақ жауап алмағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, жағдайды әрі қарай жасыру мүмкін болмаған: қоғам одан түсінік күтті.
Продюсер айтылған жайттың барлығы шындық екенін, өз таңдауы үшін өкінбейтінін жеткізді. Дегенмен, балалардың болашағын ойлап, кейбір деректі жария етпеуді жөн көргенін айтты.
RUS