SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Индустрия және құрылыс министрлігі қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мүмкіндігін кеңейту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі жоба әзірледі. Құжат Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.
Жобадағы түзетулер Салық кодексінің жаңа редакциясымен байланысты. Онда Зейнетақы қорынан алынған біржолғы зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығын ұстамау туралы норма енгізілген.
Бұдан бөлек, өзгерістер азаматтарға зейнетақы жинағын тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек. Атап айтқанда, жинақ қаржысын:
– ипотекалық тұрғын үй қарызының негізгі қарызын өтеуге,
– ай сайынғы төлем көлемін азайтуға,
– несие мерзімін қысқартуға жұмсау ұсынылған.
Министрлік бұл түзетулердің мақсаты – біржолғы зейнетақы төлемдерін қолданудың тиімді әрі ыңғайлы тәртібін орнату, осылайша азаматтарға заң шеңберінде баспана жағдайын жақсартуға нақты мүмкіндік беру екенін атап өтті.
RUS