Қызылордада жалған құжатпен балық экспорттаған екі адам сотталды

10.11.2025, 10:49
979
Қызылордада жалған құжатпен балық экспорттаған екі адам сотталды бейнежазбадан / ҚМА

Балық өнімдері заңсыз жолмен Еуропаға жіберілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті көлік прокуратурасының үйлестіруімен «СПК Қызылорда Балық» серіктестігінің басшылығына қатысты істі аяқтады.

Тергеу қорытындысы бойынша, кәсіпорын басшылары 2022 жылы кеден органдарына жалған мәлімет ұсынып, жалпы құны 254 миллион теңге болатын 75 тоннадан астам көксерке етін Еуропа елдеріне заңсыз экспорттаған.

Балықтың заңды жолмен алынғанын көрсету үшін компания балық өсірумен айналыспаған шаруашылықтардан өнім сатып алынғаны жөнінде жалған құжаттар рәсімдеген. Тексеру кезінде бұл шаруашылықтардағы су айдындарының толықтай кеуіп қалғаны, ал құжаттарда көрсетілген көліктердің шын мәнінде тасымал қызметін атқармағаны және тоңазытқыш жабдықтар болмағаны анықталды.

Сонымен қатар, тергеу барысында жалған шот-фактуралар мен заңсыз берілген ветеринарлық анықтамалар пайдаланылғаны дәлелденді.

Сот шешімімен серіктестік құрылтайшысы А. Ерхатов пен директоры Л. Қайыпназарова кінәлі деп танылып, екеуіне де екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Мемлекет пайдасына 254 миллион теңге көлеміндегі заңсыз табыс қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады