«Өлсін деп туған жоқпын»: Әскерде ұлдары қайтыс болған аналар митингке шықты
Қорғаныс министрлігінен жауап күткен аналар Астанада наразылыққа шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Қорғаныс министрлігінің алдына бейбіт уақытта қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары жиналды. Олар ұлдарының өліміне жауаптылар жазаланбай отырғанына наразы болып, әскери салада реформа жасауды талап етті.
Белгілі журналист Лұқпан Ахмедьяровтың мәлімдеуінше, жиналғандарды бүгін Қорғаныс министрі немесе оның өкілі қабылдауы тиіс болған. Алайда, наразылық орнына келген полицейлер азаматтарға жиынды тарату туралы ескерту жасап, оның заңсыз екенін алға тартқан.
Бейнежазбадан ата-аналардың «балаларымыздың өліміне әділ тергеу жүргізілсін» деп талап қойғаны анық көрінеді. Олар соңғы жылдары әскерде қайтыс болған сарбаздардың істері ашылмай, жауапты тұлғалар жазадан жалтарып жүргенін айтады.
Материал авторы