3475

«Бір күн бұрын әкесінің көлігін соғып алған»: Байзақ ауданында жасөспірімнің мәйіті табылды

16 жасар студент мәйіті шаруашылық ғимаратынан табылған.

«Бір күн бұрын әкесінің көлігін соғып алған»: Байзақ ауданында жасөспірімнің мәйіті табылды
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер ауылында 16 жасар жасөспірімнің мәйіті табылды.

Telegram-канал Kris_p_astana ақпаратынша, Байзақ колледжі №3 студенті өз-өзіне қол жұмсаған деп болжануда. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғадан бір күн бұрын жасөспірім әкесінің көлігін зақымдаған. Мәйіт ауылдағы шаруашылық ғимаратының бірінде табылды. Отбасы тыныш әрі тұрмысы жақсы деп бағаланған: ата-анасы жұмыс істейтін, үлкен балалар жоғары оқу орындарында оқитын, ал кішкентай қызы мектепке баратын болған.

Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық кодекстің «абайсызда өлімге себеп болу» бабына сәйкес тергеу басталған.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, бөлімшеге жеткізді. Қазір істің толық және объективті зерттелуі үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар, ата-аналардың балаларын қадағалаудағы жауапкершілігі де қарастырылып жатыр. Тергеу барысында жасөспірімдердің түнде қараусыз қалуы және оқ-дәріге қол жеткізе алуы мәселесі ескерілмек.

Материал авторы