Петропавлда жолаушы автобус жүргізушісін буындырған: Тергеу басталды

10.04.2023, 12:14
826
Петропавлда жолаушы автобус жүргізушісін буындырған: Тергеу басталды видеодан скрин

Петропавл қаласында жол ақысын төлемей автобустан түсіп кетпек болған жолаушы жүргізушіні мойнынан буындырған. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 сәуір күні сағат 19:30 шамасында болған.

5 «М» бағытындағы автобуста келе жатқан жолаушы өз аялдамасын өткізіп алып, жол ақысын төлеместен түсіп кетпек болған. Алайда жүргізуші есікті ашпай, тек келесі аялдамада тоқтаған. Ашуланған жолаушы шығып бара жатып, автобус жүргізушісін буындырған. Ол бір сәтке талып та қалған.

«Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрған кезде ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасып, бұзақылық әрекет жасаған.
Осы факті бойынша облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны ұсталды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - делінген полиция мәліметінде.

Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО)