SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавл тұрғындары қазақ тіліндегі балабақшалар санының аздығына наразылық білдіруде.
Журналист Эльмира Қаленованың айтуынша, қалада 49 балабақша бар болса, соның тек төртеуі ғана қазақ тілінде жұмыс істейді. Қалғандары орыс және аралас тілде тәрбие береді.
Қазақ топтарында орын болмағандықтан, ата-аналар балаларын амалсыздан орыс тіліндегі балабақшаларға беруге мәжбүр.
«Балам қазақ тілін білсін, өз ұлтының тілінде сөйлесін деймін. Бірақ қазақ балабақшасында орын жоқ», – дейді ата-аналардың бірі.
Қалалық білім бөлімінің дерегінше, қазақ тілінде білім мен тәрбие беретін топтарға сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Дегенмен, инфрақұрылым бұл қажеттілікті қамтамасыз ете алмай отыр.
RUS