SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Малиде танымал блогер Мариам Сиссе TikTok-та жариялаған бейнелері үшін көпшіліктің көз алдында атылды. Қарулы содырлар оны үкімет армиясына көмектесті деп айыптаған.
Мариам Сиссе Тимбукту аймағындағы Тонка қаласында тұрған. Ол әлеуметтік желіде қала өмірі мен жергілікті оқиғалар туралы бейнелер жариялап, жұртқа позитивті мазмұн ұсынған. Сонымен қатар, блогер елдің әскери күштерін ашық қолдаған. Оның парақшасына 90 мыңнан астам адам жазылған.
6 қараша күні тікелей эфирде жүрген кезінде қарулы адамдар Мариамға шабуыл жасап, оны тұтқындаған. Куәгерлердің айтуынша, олар – экстремистік топ мүшелері болған. Блогерді содырларға қатысты мәліметтерді армияға жеткізді деп айыптап, ертеңінде қаланың орталық алаңына әкеліп, көпшілік алдында атып тастаған.
Марқұмның бауыры оның көз алдында болғанын айтып, болған жайтты растап отыр. Елдің қауіпсіздік қызметі де оқиғаның рас екенін мәлімдеді.
Мали соңғы он жылдан бері қарулы топтармен соғыс жағдайында өмір сүріп келеді. Елдегі билік хунтасы тәртіпті толық бақылауда ұстай алмай отыр. Соңғы аптада «Аль-Каидамен» байланысы бар JNIM ұйымы отын жеткізуді тоқтатып, ауыл шаруашылығы мен мектептердің жұмысына кедергі келтірген.
RUS