524

ШҚО тұрғыны полиция көлігінің үстіне шығып алған

Әйел полиция көлігінің үстінде суретке түсіп, желіге салған.

ШҚО тұрғыны полиция көлігінің үстіне шығып алған
Lada.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны автомойкада полиция көлігінің үстіне шығып, фото жасап, оны әлеуметтік желіде жариялады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі жазды.

22 қыркүйек күні сағат шамамен 20:00-де азаматша Г. Алтай ауданы полиция бөлімінің қызметтік көлігінің үстіне шығып, суретке түсіп, оны әлеуметтік желіде бөлісті.

Осы әрекеті арқылы ол билік өкілдеріне құрмет көрсетпей, қоғамдық тәртіпті бұзды және әдейі әкімшілік құқық бұзушылық жасады.

Сот отырысында Г. кінәсін толық мойындады. Алтай ауданының соты оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Жеңілдік қолданылып, төленетін сома 55 048 теңге болды.

Материал авторы