Атырауда екі жасар бала бесінші қабаттан құлап көз жұмды

Азиз Қалижан Редактор
11.11.2025, 18:49
428
Атырауда екі жасар бала бесінші қабаттан құлап көз жұмды pixabay.com

Баланың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 11 қараша күні Атырауда Азаттық даңғылының бойындағы көпқабатты үйдің бесінші қабатынан екі жасар бала құлап, көз жұмды. Бұл туралы облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы хабарлады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға шамамен түскі сағат 12:00 шамасында болған. Бала ауыр жарақат алып, дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырған.

«Бала алған жарақаттарының кесірінен оқиға орнында “103” қызметі жеткенше қайтыс болды. Марқұмның денесі облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», – деп мәлімдеді жедел жәрдем қызметі.

Қазір полиция оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.

Айта кетсек, бұл – 2025 жылы тіркелген осындай алғашқы қайғылы жағдай. Ал өткен жылы Атырау облысында балалардың терезеден әрі балконнан құлауына қатысты 10 дерек тіркелген, олардың екеуі өліммен аяқталған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды