310

Қытаймен шекарада жер сілкінді

Сейсмологтар шекара аймағындағы жер сілкінісі туралы мәлімет таратты.

Қытаймен шекарада жер сілкінді
Shutterstock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан мен Қытай шекарасына жақын аймақта жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қырғызстанның Сейсмология институты хабарлады.

Мекеменің мәліметінше, 12 қараша күні таңғы сағат 04:13-те (Астана уақыты бойынша) Қытай, Қазақстан және Қырғызстан шектесетін өңірде жер асты дүмпуі тіркелген. Сілкіністің магнитудасы 3,9 балды құрады.

Сарапшылардың айтуынша, эпицентр Қытай аумағында болғанымен, дүмпулер Қазақстан мен Қырғызстан шекарасына жақын елді мекендерде де сезілген.

Айта кетейік, бұған дейін 11 қараша күні кешке дәл осындай қуаттағы жер сілкінісі Өзбекстанның Наманган облысындағы Касансай ауданында болған. Оның тереңдігі 16 шақырым болғаны хабарланды. Сол кезде де дүмпулер Қырғызстан аумағында байқалған еді.

Материал авторы