Түркістанда сыныптасын өлтірді деген күдікпен бір топ жасөспірім ұсталды

12.11.2025, 09:47
480
Түркістанда сыныптасын өлтірді деген күдікпен бір топ жасөспірім ұсталды Түркістан ПД / SMARTNEWS.KZ коллажы

Марқұм Мейіржанның жүрегі тоқтағанша ұрып өлтіргені айтылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында оқушының өліміне байланысты бірнеше жасөспірім ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті жеткізді.

Ведомство мәліметінше, оқиға кезінде тоғызыншы сынып оқушыларының арасында жанжал шыққан. Сол сәтте оқушылардың бірі сыныптасына кеуде тұсынан соққы берген. Алған жарақат салдарынан бала оқиға орнында көз жұмған.

Полиция дереу тергеу амалдарын бастап, күдікті мен оқиғаға қатысы бар өзге оқушыларды ұстады. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Түркістан облыстық полиция департаментінің басшылығы істің барысын өз бақылауына алған.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жайтқа байланысты кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға ұсыныс жолданған.

Ювеналды полиция өкілдері болашақта осындай жағдайлардың қайталанбауы үшін профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды