SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында тұрғын үйдегі жарылыстан ауыр жараланған 35 жастағы әйел қайтыс болды. Ол Отырар аудандық ауруханасының дәрігер-педиатры болған.
Марқұм Әсел Әмірханқызының денесінің 90 пайызы күйіп қалған еді. Дәрігерлер оны бір апта бойы жасанды комада ұстағанымен, есін жимастан көз жұмды.
Жарылыс 30 қазан күні Отырар ауданындағы көпқабатты үйдің бірінде болған. Бұл үй мемлекеттік бағдарлама аясында небәрі төрт жыл бұрын салынған, онда дәрігерлер, прокурорлар мен судьялар тұрып келген.
Белгілі болғандай, ғимарат осы уақытқа дейін орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылып, ыстық сумен жылыған. Ал табиғи газ тек қайғылы оқиғадан бір күн бұрын ғана берілген.
Марқұмның артында жұбайы мен 11 және 12 жастағы екі баласы қалды. Қазір оқиғаның нақты себебін анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр.
RUS