Алдағы жылы ҰБТ-ның шекті баллы өзгереді
Пәндерден кемі қанша балл жинау керегі белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылы жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген талапкерлерге арналған маңызды ақпарат жариялады. Талапкерлерге Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті баллдарын қарастыру ұсынылды.
ҰБТ бес пәннен тұрады: үш міндетті және екі профильдік пән. Тестілеуден сәтті өту үшін төмендегі шекті баллдарды жинау қажет:
Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3.
Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3.
Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5.
1 профильдік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
2 профильдік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
Тестілеу 4 сағатқа (240 минут) арналған. Арнайы білім қажеттілігі бар тұлғаларға қосымша 40 минут беріледі. Нәтижелер шыққан соң тапсырмалардың мазмұны мен бағалау бойынша апелляция жасау мүмкіндігі қарастырылған.
Материал авторы