Елдос Колобок 10 жыл күткен ұлын алғаш көргенде жылап жіберді
Блогер көз жасын тыя алмай қалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі блогер Елдос Қадірханов, көпшілікке Елдос «Колобок» атымен танылған, алғаш рет ұлын құшағына алған сәтін жариялап, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Ол 10 жыл бойы аңсаған арманы – әкелік бақытына қол жеткізгенін хабарлады.
Бейнежазбада блогердің толқып, көз жасына ерік берген сәті көрініс тапқан.
«Қош келдің, ұлым! Алланың қалауымен және халықтың дұғасымен дүниеге келдің. Еліңнің перзенті бол, өмірің ұзақ та бақытты болсын. Мен бақыттымын», – деп жазды Елдос жазба астына.
Көптеген достары мен оқырмандары блогерді шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
«Шүкір, сынақтан кейін жеңілдік келеді. Сәби аман өсіп, жарық өмір сүрсін», – деп жазды бірі.
Тағы біреулер:
«Бәріміз бірге дұға жасадық. Ұлыңыздың ғұмыры берекелі, балалық шағы шаттыққа толы болсын», – деп тілегін қосты.
Блогердің қуанышы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көптеген жазылушылар бұл сәтті «нағыз әкелік бақыттың көрінісі» деп атады.
Материал авторы