Ақтөбедегі ауруханалардың бірінде науқастарға лейкопластырь орнына скотч қолданған

10.04.2023, 18:16
784
Ақтөбедегі ауруханалардың бірінде науқастарға лейкопластырь орнына скотч қолданған instagram.com/pust_govoryat_aktobesvami

Онкологиялық ауруға душар болған ақтөбелік қан сынамасын тапсыру кезінде өзіне лейкопластырь орнына скотч жапсырған дәрігерлерге ренішін білдірді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазір сынама алу көбейген, сол себепті аталған медициналық құрал таусылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ақтөбедегі әлеуметтік желілердің бірінде өңір тұрғыны өз шағымын білдірді.

«Мен онкологиялық есепте тұрмын. Анализ тапсырған соң ине ізі қалған орынға лейкопластырь жапсыруы тиіс. Бірақ бөлім мен емханада лейкопластырь жоқ. Оның орнына кәдімгі скотч басып берді. Ал біз онкологиялық дертке шалдыққандарға миллиондаған қаржы бөлінетінін білеміз», - деп жазылған шағымда.

Кейін Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізді. Себебін де анықтады.

«М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті жанындағы Медициналық орталық әкімшілігінің хабарлауынша, наурыз айында онкологиялық дертке шалдыққандардың жағдайын білу мақсатында кең көлемде қайта тексеру жұмысы жүргізілген. Сондықтан сынама алу саны артқан. 30 наурыз күні кейбір медициналық құрал, атап айтқанда лейкопластырь таусылып қалған. Құралға қосымша сұраныс берілді. Ресми жеткізуші қажетті затты үш күнде жеткізіп беруге келіскен», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады