Қуандық Бишімбаевтың анасы 1 миллион долларды қайдан алғанын айтты

13.11.2025, 12:07
502
Қуандық Бишімбаевтың анасы 1 миллион долларды қайдан алғанын айтты BaigeNews.kz / Артём Чурсинов

Бишімбаевтың анасы туысыма сақтауға бердім деген ақшаны қайдан алғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астананың сотында Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова бойынша іс қаралуда. Сотта әйел 990 мың долларды туысына сақтау үшін бергенін айтты. Прокурор осы қаржының шығу тегін сұрап, оның отбасылық қаржы тарихын анықтағысы келді.

Сотта Альмира Нұрлыбекова өзінің табысқа жету жолын, жеке бизнесін қалай бастағанын еске алды. Ол 1993 жылдан бері кәсіпкерлікте екенін, 2002 жылы көтерме саудамен айналысып, азық-түлік өнімдерін Мәскеуден жеткізгенін айтты.

«Бастапқы капиталым шамамен 200 мың доллар болды. Сол ақшадан кейін мен мектеп аштым, SPA-салон құрдым. Таразда оқу орталығын ашып, кейін университетке дейін жеткіздім. 2006-2007 жылдары бизнесімді дамытуға шамамен миллион доллар жұмсадым», – деді ол.

Сонымен қатар, Нұрлыбекова химия ғылымдарының кандидаты, доцент екенін, бірақ кәсіпкерлік қабілеті 2000 жылдардың басында көріне бастағанын атап өтті. Шымкентке көшкеннен кейін ол қосымша білім беру саласында жұмыс істеп, ауданнан келген жастарға екінші білім алуына көмектескен. Шаштараздарды, есепшілерді, компьютер мамандарын оқытқан. Сол уақытта консалтингтік компания ашып, менеджмент, ISO сертификаттау және басқарушылық дағдыларды дамытқан.

Альмира Нұрлыбекова сотта қаржылық қысымға шыдамай жылап, отбасының күйзеліске түскен кезін айтып берді. Ол бұл қаражатты көп жыл еңбекпен жинағанын, ешқандай заңсыз жолмен ақшаны таппағанын жеткізді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады