SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облыстық соты ауыр денсаулыққа зиян келтіру ісі бойынша қаралған апелляциялық шағымды қанағаттандырмады. Науқастың дәрігерге шабуыл жасағаны үшін тағайындалған жазаны өзгеріссіз қалдырылды.
Істің материалдарына сәйкес, биыл шілдеде уролог-дәрігердің қабылдауында науқас пен медицина қызметкері арасында дау туған. Айтыс кезінде Абылайхан Саринжепов дәрігер Антон Кистановтың ерініне жұдырық жұмсаған. Соққыдан дәрігер қабырғаға құлап, желкесімен соғылған. Сараптама бұл жарақатты өмірге қауіп төндіретін, ауыр денсаулыққа зиян ретінде бағалады.
Қостанай қаласының №2 соты Саринжеповті Қылмыстық кодекстің 114-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оны қауіпсіздігі төмен деңгейдегі мекемеде 6 ай мерзімде жазасын өтеуге жіберген еді. Сот жеңілдететін жайттарды ескерген, ал ауырлататын мән-жайлар болмаған.
Апелляциялық инстанция бірінші соттың үкімінде заң бұзушылық таппай, шешімді күшінде қалдырды. Бұған дейін жәбірленуші тарап 2 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы талап еткен болатын.
Айта кетейік, оқиға шілдеде болған. Уролог Кистанов алған жарақаттарынан кейін реанимацияға жеткізіліп, кейін санавиациямен Астанаға ауыстырылды. Ал күдікті оқиға орнында ұсталған еді. Артынша Саринжепов бұған дейін де сотталғаны белгілі болды.
RUS