Таразда скутер мінген ер адам пойыздың астына түсе жаздады
Скутер иесі оқиға орнынан қашып кеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тараз станциясында скутер жүргізушісі қозғалып келе жатқан пойыздың алдынан өтуге талпынып, оқыс жағдайға себеп болды. Оқиға 12 қараша күні 16:20 шамасында тіркелді.
«Қазақстан темір жолы» компаниясының ақпаратына сәйкес, шлем киген ер адам пойыз жақындап қалған сәтте теміржолға шығып кеткен. Машинистер ескерту белгісін беріп, пойызды тоқтатуға пәрмен берген.
Қауіпті жағдайды аңдаған жүргізуші скутерін жолда қалдырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Салдарынан пойыз скутерге соғылған. Вагондарға да, жол құрылымына да зақым келмеген. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға дерегі Тараз станциясындағы желілік полиция бөліміне жолданды.
Материал авторы