376

Елена Рыбакина әлемнің ең таңдаулы теннисшілері қатарына енді

Рыбакинаның рекордтық көрсеткіштері сарапшыларды таңғалдырды.

Елена Рыбакина әлемнің ең таңдаулы теннисшілері қатарына енді
sportsration.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, австралиялық теннисші Ник Кирьостың бұрынғы жаттықтырушысы Саймон Ри Қазақстанның әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған теннисшісі Елена Рыбакинаның WTA Финалындағы ойынына жоғары баға берді. Оның айтуынша, Эр-Риядтағы шешуші кездесуде Рыбакина көрсеткен деңгей – тарихи көрсеткіштердің бірі.

Финалда қазақстандық ойыншы әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенканы екі сетте тізе бүктірді – 6:3, 7:6(0). Саймон Ридің айтуынша, Рыбакина Соболенкоға өз ойын жүйесін жүргізе алатын санаулы спортшылардың бірі.

Ол матчтағы үш ерекше жайтты атап өтті:

Рыбакина 13 эйс соқты, ал қарсыласы небәрі бес эйс жасаған.

Екі сет бойы қазақстандық теннисші өз сервисіндегі бірде-бір геймді жіберген жоқ

Ең таңғаларлығы – екінші сервисіндегі 75% тиімділік. Ри мұны матчтың шешуші факторы деп атады:

«Қалыпты жағдайда 50% – бұл да өте жақсы көрсеткіш. Ал 75% – әсіресе екінші подачаға қатты қысым жасайтын Соболенкоға қарсы – ерекше нәтижe».

Сарапшы Рыбакинаның жалпы деңгейін де ерекше атады: ол әлемнің бірінші нөмірлі теннисшілеріне қарсы кездесулерде енді 8 жеңіске 6 жеңіліс көрсеткішіне ие. Тарихта мұндай оң балансты көрсеткен тек екі спортшы бар – Штеффи Граф пен Серена Уильямс.

Саймон Ридің сөзінше, бұл дерек Рыбакинаның әлеуеті қаншалықты жоғары екенін көрсетеді:

«Ол бабында болса, ойынның ырғағын өзі белгілейді. Қарсыластарына оның деңгейіне ілесу үшін барын салуға тура келеді. Эр-Риядтағы финалда біз соны анық көрдік».

Материал авторы