532

Ақтауда әйел адам теңізге құлап кетті (ВИДЕО)

Теңізге құлаған ақтаулық әйелге көмек көрсетілді.

Ақтауда әйел адам теңізге құлап кетті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда әйел адам пирстен теңізге құлап, өз бетімен судан шыға алмай қалған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Құтқарушылар жағалау аумағын патрульдеу кезінде суға түсіп кеткен әйелді байқап қалған. Мамандар оны дереу судан шығарып, жағаға жеткізді. Денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ су айдындарына жақын жерде барынша сақ болуға шақырады. Әсіресе ауа райы салқындаған кезеңде тайғанақ, орнықсыз жағалауларда серуендеуден аулақ болу ұсынылады.

Материал авторы