Қарағандыда кәсіпкер әйелден 700 мың доллар талап еткен күдікті ұсталды
Ірі сауда желісінің иесіне қоқан-лоққы жасағандар ізін суытпай қолға түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда полицейлер 700 мың доллар көлемінде ақша бопсалады деген күдікпен 30 жастағы ер азаматты қамауға алды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, полицияға қаладағы ірі сауда желісінің құрылтайшысы болып саналатын 47 жастағы тұрғын жүгінген. Ол өзін белгісіз адамдар қорқытып, өзіне және отбасының қауіпсіздігіне зиян келтіреміз деп қатер төндіргенін айтқан. Сондай-ақ олар мүлкін өртейміз деп сес көрсетіп, небәрі 700 мың доллар талап еткен.
Арыз негізінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қарағандының мамандандырылған тергеу соты күдіктіні қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Тергеу жалғасуда.
Материал авторы