Камчаткада жанартау атқылады

11.04.2023, 11:06
292
Камчаткада жанартау атқылады tass.ru

15 шақырымға күл шығарған Шивелуч жанартауының атқылауы Камчатканың жергілікті уақыты бойынша 11 сәуірге қараған түні болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

«11 сәуірге қараған түні Шивелучтың атқылауы пароксизмальды кезеңге жетті (ыстық масса ағындарының түсуі). Ауа райының қолайсыздығына байланысты жанартауды бақылау қиын, мұнда циклонның әсері жалғасып жатыр. Қар жауып, боран соғып тұр. Алайда, есептеуіміз бойынша күл бұлтының биіктігі 15 км болды», - делінген вулканология және сейсмология институтының хабарламасында.

Институт авиация үшін ең жоғары қауіп коды – қызыл түс берілгенін атап өтті.

«Қызу ағындары 20 шақырымға дейінгі қашықтықты жүріп өтіп, Петропавл-Камчатский - Усть-Камчатск тасжолын жауып тастауы мүмкін», - делінген хабарламада.

Институттың мәліметінше, 4 мыңға жуық адам тұратын Усть-Камчатск ауданындағы Ключи ауылына күл жауған. Ол жерде институттың бір топ ғалымы жұмыс істеп жатыр. Олардың міндеті – атқылаудың параметрлерін нақтылау және Усть-Камчатск облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Айта кетсек, Шивелуч – Камчаткадағы ең үлкен жанартаулардың бірі, биіктігі – 3 283 м. Ол үш негізгі құрылымды қамтиды: Ескі Шивелуч және белсенді Жас Шивелуч жанартаулары мен ежелгі кальдера.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады