Қазақстанда атышулы блогер Mellstroy-ге халықаралық іздеу жарияланды

17.11.2025, 09:47
307
Қазақстанда атышулы блогер Mellstroy-ге халықаралық іздеу жарияланды instagram.com/mellstroy

Агенттік ескерту жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті Беларусь азаматы, Mellstroy лақап атымен танымал блогер Андрей Буримді халықаралық іздеуге жариялады. Бұл ақпарат ведомствоға жолданған журналистер сұрауына жауап ретінде ресми түрде расталды.

1988 жылы туған Буримге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Тергеу оны әлеуметтік желілер арқылы «Mellstroy.game» онлайн-казиносын ілгерілетуге бағытталған ауқымды жарнамалық кампания ұйымдастырды деп күдікке іліктіріп отыр. Контент Қазақстан қолданушыларына да бағытталған.

Онлайн-казиноны жылжытудағы схемалар

Блогер түрлі ұтыстар мен челлендждер ұйымдастырып, қатысушылардан TikTok, YouTube Shorts және өзге платформаларда Mellstroy.game атауын, логотиптерін және сайт сілтемелерін көрсететін видеолар түсіруді талап еткен.

Бұған дейін Бурим Ресейде тікелей эфир кезінде кісіні соққыға жыққаны үшін түзету жұмыстарын жасап, айыппұл арқалаған. Сонымен қатар, 2025 жылғы қарашада Минск қалалық соты блогердің барлық платформалардағы арналары мен логотиптерін экстремистік материал деп таныды.

Даулы контент және Қазақстандағы қатысушылар

Mellstroy әлеуметтік желілерде миллиондаған аудитория жинаған: Instagram-да үш миллионнан астам, Telegram-да шамамен бір миллион жазылушысы бар. Ол атышулы стримдер, қызды соққыға жыққан іс, құмар ойындарды жарнамалау және шектен шыққан челлендждер арқылы танымал болды.

Қазір блогер ең креативті видеолар үшін пәтер ұтысын жариялап отыр. Іс жүзінде бұл онлайн-казиноны жарнамалаудың бір тәсілі. Аталған марафонға қазақстандықтар да қатысып жатыр. Мысалы, Талдықорған тұрғыны жеңіске жету үшін ресми түрде есімін «Гейм Меллстрой Серікұлы» деп өзгерткен. Ал Астанадағы тағы бір қатысушы MEGA Silk Way орталығында жартылай жалаңаш жүгіріп, нәтижесінде 15 тәулікке қамалған.

Ведомство іздеу жарияланған тұлға туралы мәліметі бар азаматтарды Астана қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарлауға шақырады. Анонимдік және сыйақы қарастырылған.

Агенттік Қазақстан заңнамасында құмар ойындарды жарнамалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар, заңсыз ойын бизнесіне қатысушы немесе көмектесуші тұлғаларға қатысты қылмыстық жауапкершілік те көзделгенін ескертті.

Күмәнді жарнамалық ұсыныстар түскен жағдайда азаматтар «АФМ Insider» Telegram-ботына хабарлауы тиіс. Анонимдік сақталады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді