736

Блогер Елдос Колобок 10 жыл күткен ұлына ерекше есім берді

Елдос Колобок ұлын алғаш рет әлеуметтік желіде таныстырды.

Блогер Елдос Колобок 10 жыл күткен ұлына ерекше есім берді
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі блогер Елдос Колобок жаңа туған ұлына ерекше есім берді. Ол баласын ауруханадан шығарып, әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа есімді жариялады.

Блогер ұлына «Әлем» деп ат қойды. Оның айтуынша, бұл есім баланың әлемдік азамат болып өсуін, саяхаттауын және әлемді бағындыруын символдайды.

«Бүгін біз үлкен жаңалықпен бөліспекпіз. Жер бетіне келген жаңа өмірмен таныстырайық. Балам қош келдің біздің әлемге Бағзат Әлем Елдосұлы.

ӘЛЕМ - шексіздік, кеңдік, еркіндік

Әлемге үлгілі азамат бол, біздің ғажап әлемді аралап, әлемді бағындырып, жақсы жағынан әлемге танымал бол. Саған бізді танитын әлем тілеулес болды. Сол себепті есімің ӘЛЕМ ЕЛДОСҰЛЫ», – деп жазды Елдос Колобок.

Айта кетейік, бұл бала блогер үшін ұзақ жылдар бойы күткен ұлы болып отыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор