Үржардағы 4 баланың өмірін жалмаған жол апатына қатысты іс сотқа жолданды

17.11.2025, 15:17
311
Үржардағы 4 баланың өмірін жалмаған жол апатына қатысты іс сотқа жолданды әлеуметтік желіден

Үй маңында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен жүргізушінің соты болады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысының Үржар ауданында төрт баланың өліміне себеп болған ауыр жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа түсті. Ол ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша ашық режимде қаралады.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, материал қазір алдын ала тыңдау сатысында. Негізгі сот отырыстарының басталу күні әлі бекітілген жоқ.

Алдын ала тыңдауда істің бүкіл материалдары зерделеніп, тараптардың құрамы нақтыланады және процесске дайындық жүргізіледі. Сот отырыстарының ресми кестесі белгіленген соң қосымша ақпарат таратылады.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 19 тамызда болған. Toyota көлігінің жүргізушісі үйінің маңында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен. Екі бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, тағы бір бала жедел жәрдем жолында жан тапсырды. Үш бала жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген.

Президент тапсырмасымен жараланғандарға көмек көрсету үшін Үржарға әскери ұшақ жіберілген еді. Кейін жағдайы тұрақталған екі бала санитарлық авиациямен Астанаға жеткізіліп, қыркүйек басында ауруханадан шығаруға дайын екені хабарланған. 

Ал ең ауыр жарақат алған қыз бала аудандық ауруханадан Семей қаласына әуе арқылы жеткізілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды