324

Алғабастағы 12 адамның өліміне әкеп соққан жантүршігерлік өрттен кейін тергеу басталды

9 бала мен 3 ересектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Алғабастағы 12 адамның өліміне әкеп соққан жантүршігерлік өрттен кейін тергеу басталды
AP Photo / Noah Berger

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында 12 адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты өңірлік полиция департаменті растады.

Ведомство мәліметінше, Жетісай ауданындағы өрт фактісі бойынша «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша іс тіркелді. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Еске салайық, бүгін таңсәріде Алғабас ауылында екі қабатты жеке үй тұтасымен өртенді. Құтқарушылар жалын ішінен ес-түссіз жатқан үш адамды шығарып, медициналық жедел жәрдемге тапсырды. Өкінішке қарай, үй ішінен 12 адамның мүрдесі табылды.

Көршілердің айтуынша, үйде қонақтар болған. Себебі алдыңғы күні шаңырақ иелері іс-шара өткізіп, бірнеше адам сол үйде түнеп қалған.

Материал авторы