411

ШҚО-да гараж өртеніп, екі көлік жанып кетті

Алапат өрт ауыздықталды.

ШҚО-да гараж өртеніп, екі көлік жанып кетті
t.me/qr_tjm

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысына қарасты Меновное кентінде гаражда өрт шығып, ішінде тұрған екі автокөлік толықтай өртенді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде ауыздықтап, жақын маңдағы тұрғын үйлерге қауіп төнуіне жол бермеді. Өрт толығымен сөндірілді. Қазір мамандар тілсіз жаудың шығу себебін анықтап жатыр.

ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Материал авторы