Ақтаудағы жанармай бекетінде ер адам кассирге пышақ кезенген
Ер адам бір сағат ішінде қолға түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда түнде жанармай құю станциясына кірген ер адам кассирге пышақпен қорқытып, ақшаны талап еткен. Қолына түскен қаражатты алып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Полиция дерегінше, тіркелген факті бойынша дереу сотқа дейінгі тергеу басталған. Оперативтік шаралардың нәтижесінде күдікті бір сағаттың ішінде анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысында ол өз әрекетін толық мойындаған.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші