247

Талғарда тағы трагедия: 14 жастағы жасөспірім көз жұмды

Баланың қатарластары күдікке ілікті.

Талғарда тағы трагедия: 14 жастағы жасөспірім көз жұмды
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда жасөспірімнің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция мәліметінше, марқұмға дене жарақатын салған күдікті ретінде тағы бір жасөспірім ұсталған. Ол оқиғадан кейін көп ұзамай қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оның қамауда болуына санкция берді.

Алматы облыстық полициясы тергеу тобы оқиғаға байланысты барлық материалды жинап, мән-жайды анықтап жатқанын мәлімдеді. Іс департаменттің ерекше бақылауына алынған. Тергеу деректері ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Қайғылы жағдайдың нақты себебі әзірге белгісіз. Қақтығыстың неден басталғаны және оған не түрткі болғаны туралы ресми ақпарат жоқ.

Материал авторы