Полиция Ақтөбеде анасы мен баласын айуандықпен өлтірген күдікті қалай анықталғанын айтты

11.04.2023, 15:21
443
Полиция Ақтөбеде анасы мен баласын айуандықпен өлтірген күдікті қалай анықталғанын айтты polisia.kz

Ақтөбе облысының полицейлері екі бірдей адам өлімі болған қылмысты ашты. Тәртіп сақшылары осы қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Полиция 29 наурыз күні Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған ұлының мәйіті табылғанын еске слды. Әйелдің 13 жасар қызы Облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне ауыр жарақаттармен жатқызылған еді.

"Бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасады деп анықталып, ұсталды", - деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер бұл қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталғанын нақтылады, ол жиналған дәлелдемелердің салмағымен қылмыс жасағанын мойындады.

"Күдікті қамауға алдынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша өзге де ақпарат таратылуға жатпайды".
Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)