Ата-аналар үшін қысқартылған жұмыс күні енгізілуі мүмкін

19.11.2025, 12:58
399
Ата-аналар үшін қысқартылған жұмыс күні енгізілуі мүмкін бейнежазбадан / @mazhilis_kz

Депутат бала тәрбиесіне уақыт бөлу үшін ата-аналардың жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 19 қарашада өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қаракат Әбден ата-аналар үшін қысқартылған жұмыс күнін енгізу ұсынысын көтерді.

Депутаттың айтуынша, жұмыс істейтін ата-аналарға қосымша сағат беру – бұл жеңілдік немесе артықшылық емес, отбасы институтын сақтау, ұрпақтың денсаулығын нығайту және баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық құрал.

«Ата-ананың баласымен бірге өткізетін қосымша сағаты – оның болашағына инвестиция, отбасының тұрақтылығы және қоғамның сенімділігі. Баланы уақытында балабақшадан алып келу, тәрбиесіне көңіл бөлу – бұл тұрмыстық қарапайым мәселе емес, мемлекеттік саясаттың маңызды элементі», – деді депутат.

Қаракат Әбден бұрын бұл мәселені Үкіметке жолдағанын, бірақ жүйелі шешім әлі қабылданбағанын атап өтті. Сонымен қатар, ол халықаралық тәжірибеден мысал келтіріп, көптеген елдерде ата-аналарға қысқартылған жұмыс күні немесе аптасы заңмен бекітілгенін, ғылыми негізделген тәжірибе ретінде қолданыста екенін жеткізді.

Депутат заң жобасының екінші оқылуына дейін жұмыс уақытын қысқарту мәселесін қайта қарауды, норманы барлық кәсіпорындарда, соның ішінде мемлекеттік қызметте де орындауды қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Сол күні Мәжіліс депутаттары еңбекті қорғау және жұмысшылардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді