396

Шерхан Қалмұрза сыйға алған көлігі туралы шындықты айтты

«Қайрат» қақпашысы сыйға берілген көлік пен жүргізуші куәлігі туралы түсініктеме берді.

Шерхан Қалмұрза сыйға алған көлігі туралы шындықты айтты
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қайрат» пен Қазақстан U-19 құрамасының қақпашысы Шерхан Қалмұрза өзіне сыйға берілген көлікке қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы «Бірінші бол» хабарлады.

Жас ойыншы 18-ге толған соң-ақ жүргізуші куәлігін алуға кіріскенін айтты.

«Көлік сыйлағаннан кейін құжат алу процесін тездеттім. Емтихан тапсырып, құқық алдым», – деді ол.

Ал тізгін ұстау шеберлігіне қатысты Қалмұрза асыра мақтаған жоқ: «Өте керемет жүргіземін деп айта алмаймын. Дегенмен деңгейім жеткілікті».

Шерхан Қалмұрза елге былтырғы маусымда танылды. «Қайраттың» негізгі қақпашылары жарақат алғаннан кейін ол Чемпиондар лигасының алғашқы матчтарында алаңға мәжбүрлі түрде шыққан еді. «Спортингке» қарсы ойын 1:4 есебімен аяқталса, «Реалмен» кездесуде алматылықтар 0:5 нәтижесін тіркеді.

Дегенмен дәл осы матчтан кейін елордалық кәсіпкерлердің бірі Шерханға көлік сыйлап, Меккеге жолдама беріп, жас қақпашыға қолдау білдірген болатын.

Материал авторы