Алғабастағы алапат өрт: Зардап шеккен ер адам тікұшақпен Шымкентке жеткізілді

20.11.2025, 12:16
347
Алғабастағы алапат өрт: Зардап шеккен ер адам тікұшақпен Шымкентке жеткізілді бейнежазбадан

Жетісайда қажетті аппараттардың болмауы эвакуацияға себеп болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының Алғабас ауылындағы өрттен ауыр жараланған 1986 жылғы ер адамға шұғыл авиациялық медициналық көмек қажет болды. «Қазавиақұтқару» қызметінің ЕС 145 тікұшағы санавиация рейсін орындап, науқасты жедел түрде Шымкентке жеткізді.

Облыстық ТЖД хабарлауынша, Жетісай ауданында шұғыл көмекті қамтамасыз ететін арнайы медициналық жабдықтардың жетіспеуі себепті пациентті Шымкенттегі гипербариялық оксигенация орталығына эвакуациялау жөнінде шешім қабылданған. Тікұшақ дер кезінде қонды, зардап шегуші дәрігерлерге тапсырылып, әрі қарай ем қабылдауға жіберілді.

Айта кетсек, бұған дейін Түркістан облысында болған ірі өрт салдарынан 12 адам қаза тапқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмдардың отбасына көңіл айтып, оларға барлық қажетті көмекті көрсетуді, сондай-ақ трагедияның себептерін жан-жақты тексеруді тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы үкіметтік комиссия құрылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қасақана өрт қою белгісі жоқ. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша тергеліп жатыр.

 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді