Бектенов: Мемлекет еңбекке қабілеттілерді асырамайды

20.11.2025, 14:59
416
Бектенов: Мемлекет еңбекке қабілеттілерді асырамайды t.me/KZgovernment

Үкімет әлеуметтік шығындарды қысқартпақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат отырысында бюджет шығыстарын оңтайландыруға қатысты сұраққа жауап бере отырып, алдағы үш жылда әлеуметтік қолдау жүйесінің қайта қаралатынын мәлімдеді.

Үкімет басшысының айтуынша, жаңа бюджетте базалық шығыстар 15 пайыздан 12 пайызға дейін қысқартылғанымен, әлеуметтік сала әлі де негізгі жүктемені көтеріп отыр. Әлеуметтік төлемдер мен әртүрлі қолдау шаралары мемлекеттік бюджеттің 60 пайызына жуығын құрайды.

Бектенов бұған дейін республикалық бюджетте әлеуметтік шығыстар ұзақ жылдар бойы 40 пайыздан жоғары болғанын еске салды. Үш жылдық жоспарды әзірлеу кезінде бұл көрсеткіш 38 пайызға дейін төмендетілген.

Премьер-министр мемлекет қолдауы кімге бағытталатынын да нақтылады. Оның сөзінше, түрлі объективті себеппен еңбекке қабілетсіз азаматтар ғана әлеуметтік төлемдерге үміт арта алады.

«Жұмыс істей алатын адам жұмыс істеуі тиіс. Мемлекет жұмысқа жарамды азаматтарды қамқорлығында ұстамауы керек және ұстамайды да», деді Бектенов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды