391

Маңғыстау полициясының басшылары қылмыстық топ құрды деген ақпарат тарады

Полиция департаментінің басшылығы ақпаратқа ресми жауап қатты.

Маңғыстау полициясының басшылары қылмыстық топ құрды деген ақпарат тарады
Polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Маңғыстау облыстық полиция департаментінің басшылығы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күмәнді тізім тарады. Полиция бұл мәліметті жоққа шығарды.

Желілер мен мессенджерлерде департаменттің басшысы мен бірнеше жетекшісінің аты-жөні көрсетілген, оларды қылмыстық топ мүшелері ретінде сипаттайтын тізім жарияланған.

Маңғыстау облыстық ПД редакция сауалына берген ресми жауабында бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Жалған ақпарат таратпауыңызды сұраймыз. Интернетте көрінеу жалған мәлімет тарату Қазақстан заңнамасына қайшы», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Полиция өкілдері ҚК-нің 274-бабында жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

«Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіріп, ауыр құқықтық салдарға әкеледі», – деп түйіндеді баспасөз қызметі.

Материал авторы