1440

Шымкентте блогер Айгүл Орынбекке үш бап бойынша айып тағылды

Айгүл Орынбекке ірі алаяқтық және тергеуге кедергі келтіру айыптары тағылды.

Шымкентте блогер Айгүл Орынбекке үш бап бойынша айып тағылды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласының прокуратурасы блогер Айгүл Орынбекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Тергеу барысында Орынбекке келесі баптар бойынша айып тағылды:

– ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлімі, 1-тармақ — ірі көлемде алаяқтық;

– ҚР ҚК 407-бабы, 2-бөлімі — тергеу жүргізуге кедергі келтіру;

– ҚР ҚК 423-бабы — тергеу деректерін жариялау.

Прокуратура мәліметінше, тергеу толық, жан-жақты және объективті жүргізіліп, іс бойынша барлық қажетті мән-жайлар анықталады.

Материал авторы