434

«Хаттамаға қарсылық»: Маңғыстауда полиция бөлімшесінің алдында ер адам өзін өртемек болды

Ер адам ауруханаға жеткізілді.

«Хаттамаға қарсылық»: Маңғыстауда полиция бөлімшесінің алдында ер адам өзін өртемек болды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында төтенше жағдай тіркелді. Ер адам аудандық полиция бөлімінің бақылау-өткізу бекетінің жанында өзін өртеп жібермек болған.

Әлеуметтік желілерде жазылған мәліметке қарағанда, ол мұндай әрекетке жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін толтырылған әкімшілік хаттамаға жауап ретінде барған. Ер адам үстіне бензин құйып, от қойған. Оқиға орнына дереу жеткендер оны ауруханаға жеткізді.

Департамент қазір қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Материал авторы