«Богатырь Көмірдегі» миллиондық схема: Жалған бөлшектер арқылы 123 млн теңге жымқырылған

21.11.2025, 11:58
365
«Богатырь Көмірдегі» миллиондық схема: Жалған бөлшектер арқылы 123 млн теңге жымқырылған ҚМА

«Самұрық-Қазына» компаниясына келген шығын белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті «Богатырь Көмір» кәсіпорнындағы ірі ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Кәсіпорынның жарғылық капиталының 50%-ы «Самұрық-Қазына» қорының иелігінде.

Тергеу дерегінше, бір топ бизнесмен кәсіпорынға бұрын қолданылған қосалқы бөлшектерді жаңа өнім ретінде өткізіп отырған. Бұл іске «Богатырь Көмірдің» тауар қабылдауына жауапты қызметкер де тартылған. Ол тозған, ақауы бар бөлшектерді еш кедергісіз қабылдап, олардың талапқа сай екенін ресми түрде растаған.

Екі жыл бойы реакторлар, цилиндр блоктары, автосцепкалар мен тежегіш жүйелерінің элементтері жалған сертификаттар арқылы «жаңа» өнім ретінде жеткізіліп отырған.

Кәсіпорынға келтірілген залал — 123 млн теңге.

Тергеу мәліметінше, ақша бақылаудағы жеке кәсіпкерлер мен фирмалар арқылы жалған келісімшарттар негізінде шығарылып, кейін қолма-қолға айналдырылған.

Тәркілеу кезінде күдіктілерден 27 млн теңге табылған.

Сот шешімімен алты автокөлікке — Cadillac Escalade, Range Rover, Toyota Land Cruiser 250 және тағы бірнеше машинаға — тыйым салынды.

Қазіргі уақытта үш күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық істің басқа деректері ҚПК-нің 201-бабына сай жариялауға жатпайды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды