Ақмолада қытайлық машиналар тиелген жүк көлігі аударылды
Сегіз жаңа авто жол бойында қирап қалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында жаңа қытайлық көліктер тиелген жүк көлігі аударылып қалды. Оқиға 21 қараша күні шамамен 12:00-де, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолының 239-шы шақырымында тіркелген.
Полицияның алдын ала дерегінше, 1979 жылы туған «Ситрак» маркалы көлік тасушы жүк көлігі жүргізушісі Қостанай бағытына қарай кетіп бара жатқан. Ол қарсы алдындағы көлікті озбақ болған сәтте рөлге ие бола алмай, жүк көлігі жол жиегіне шығып кетіп аударылған.
Фураның үстінде Қытайда құрастырылған сегіз жаңа жеңіл көлік болған. Жүргізуші Алматыдан Қостанайға жаңа партияны жеткізіп келе жатқан.
Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жүргізушінің мас күйде болу-болмауы міндетті түрде тексерілуде. Барлық рәсім аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция ірі жүк көлігін жүргізетіндерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды қайта ескертті.
Материал авторы