Атырауда екі ауылды тышқан басып, мектептер мен балабақша жабылды

22.11.2025, 14:07
320
Атырауда екі ауылды тышқан басып, мектептер мен балабақша жабылды Жанат Жақсыбайқызының Facebook парақшасынан

Әкімдік дәріні халықтың өзіне таратып, улауды әр үйдің жауапкершілігіне жүктеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысының Махамбет ауданында тышқан күрт көбейіп, екі ауылдағы мектептер мен балабақшалар уақытша жабылды. Бұрын мұндай жағдайды көрмеген тұрғындар қатты алаңдап отыр. Халық індет тарай ма деп қауіптеніп, кеміргіштерді өз күшімен аулап, бірден өртеп жатыр.

Тұрғындардың айтуынша, тышқандар он күннен бері толассыз қаптаған. Үйлер мен аула түгел кеміргішке толып, жағымсыз иістен тыныс алу қиынға айналған.

«Масқара болып жатыр. Үй де, шарбағымыз да тышқанға лық толы. Мысық та үлгере алмай қалды. У шашып, дезинфекция жасап жатырмыз. Осы жағдай індетке ұласып кетсе, оған кім жауап береді?» – деді ауыл тұрғыны Салтанат Қадрахманова.

Кеміргіштердің көбеюінен округтегі екі мектеп пен екі балабақша 19 қарашадан бастап қашықтан оқуға көшті. Оқушылар ғимаратқа кірмейді, себебі ішінде де тышқан өріп жүр. Білім бөлімі нысандарды толық улау жұмысы басталғанын, бұл шара шамамен бір аптаға созылатынын айтты.

«Екі мектеп пен екі балабақша жұмысын уақытша тоқтатты. Ғимараттардың іші-сыртында улау жүргізіліп жатыр», – деді ауданның білім беру бөлімінің басшысы Венера Қабышова.

Мамандар тышқандардан алынған сынамаларда қауіпті ауру белгілері анықталмағанын мәлімдеді. Ал ауыл әкімі кеміргіштер барлық жерде емес, көбіне суға жақын, шеткі үйлерде жиналғанын айтты. Даланы түгел улау мүмкін емес, ондай шара тек ауру шыққанда және елді мекен карантинге жабылғанда ғана жасалады.

«Обаға қарсы қызмет арнайы дәрі әзірлеп берді. Бүгіннен бастап тұрғындарға таратамыз. Ауру тіркелген жоқ, сондықтан ауылдың айналасын жаппай улай алмаймыз», – деді Бейбарыс округінің әкімі Сейілбек Зұлхашов.

Дәрі-дәрмектер әр үйге таратылып, кеміргіштерге қарсы шараны тұрғындардың өздері атқарады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады