Елімізде балаларға зиянды 38 мың сайт бұғатталған

24.11.2025, 10:07
268
Елімізде балаларға зиянды 38 мың сайт бұғатталған freepik.com

Бұғатталған ресурстардың басым бөлігі — балалар психикасына зиянды контент.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда балаларға зиян келтіретін және заңға қайшы ақпарат тарататын 38 мыңнан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталды. Бұл — «Киберқадағалау» жүйесі жүргізетін тәулік бойы мониторингтің нәтижесі.

Мамандардың айтуынша, балалардың онлайн кеңістікте белсенділігі артқан сайын ата-ананың да жауапкершілігі күшейіп отыр. Басты қауіпсіздік тетігі — отбасының қадағалауы.

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, ата-аналар баланың қандай сайттарға кіретінін, кіммен онлайн байланыс жасайтынын үнемі бақылап, құрылғылардағы ата-ана бақылауы функцияларын міндетті түрде қосуы қажет. Оның сөзінше, бұл — баланы зиянды контенттен қорғаудың ең тиімді әрі алғашқы сүзгісі.

Балаларды зиянды ақпараттан сақтау жүйесі арнайы заң талаптарына негізделген. Ол мемлекеттік органдардың өкілеттігін, қауіпті контентті анықтау, талдау және бұғаттау тәртібін айқындайды.

2022 жылы заңнамаға «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары енгізілсе, 2024 жылдан бастап жәбірлеу үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылды. Биылғы 10 айда 339 іс тіркелген, оның 198-і — буллинг фактілері.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті