SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда танымал «Нұр-Мұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл ақпарат топтың жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлейменнің әлеуметтік желідегі мәлімдемесінен кейін белгілі болды.
Жас әнші Шахзадаев өзін соққыға жыққанын ашық айтып, қақтығыс топ орындайтын әнге байланысты туындағанын жеткізді. Оның адвокаты Инга Иманбай да бұл жағдайды растады.
Заңгердің айтуынша, Ғалымжан мәселені өршітпеу үшін Шахзадаевтың үйіне келіссөзге барған. Алайда әңгіме сол жерде төбелеске ұласқан.
Иманбайдың айтуынша, Шахзадаев екі досымен бірге Сүлейменге шабуыл жасаған. «Әнші сол сәтте мас болған» деген де мәлімет бар. Зардап шеккен Ғалымжан дәрігерге тек жағдайы қиындағанда ғана жүгінген. Медициналық сараптама оның мұрны мен қолы сынғанын анықтаған.
Қазір ол ем қабылдап жатыр. Ал адвокат шабуыл жасады делінген адамдардың жауапкершіліктен қашып кетуінен қауіптенеді. Шахзадаев бірнеше күннен бері байланысқа шықпаған.
Алматы ПД Наурызбай аудандық полициясына түскен арыз негізінде қылмыстық іс қозғалғанын ресми растады.
Ведомство тергеу барлық талаптарды сақтай отырып жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталған соң, заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
RUS