1134

Астанада жоғалған мектеп оқушысы өлі күйінде табылды

Полиция мен еріктілер бірігіп іздеу шараларын жүргізген еді.

Астанада жоғалған мектеп оқушысы өлі күйінде табылды
Lider.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада жоғалған мектеп оқушысы қайтыс болғаны белгілі болды. Белгілі болғандай, қыздың денесі өзеннен табылған.

Бұған дейін қыздың анасы полицияға хабарласып, қызы үйден шығып кеткенін және телефон қоңырауларына жауап бермейтінін айтқан.

Полиция қызметкерлері мен еріктілер дереу іздеу шараларын ұйымдастырып, жақын маңдағы аумақтар мен өзен жағалауын тексерген. Бірнеше сағаттан соң қыздың мәйіті өзеннен табылған.

Қазір оқиғаның барлық деректері анықталып жатыр. 

Материал авторы