Күдебаевқа қашуға көмектескендерді анықтаймыз – Бас прокуратура

12.04.2023, 12:33
656
Күдебаевқа қашуға көмектескендерді анықтаймыз – Бас прокуратура

Бас прокуратура Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескендерді анықтайды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қырғыз тарапы да Күдебаевтің мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Яғни қылмыстық іс оны іздестіру бойынша ғана емес, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісіне қатысты да қозғалып отыр. Біз Күдебаевтің мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуін ұйымдастырғандарды да анықтамақпыз. Сондықтан қырғыз тарапының көмегі қажет. Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтуіне кімнің және қалай көмек көрсеткені маңызды», - деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, Қазақстанның Түркиямен құқықтық көмек көрсету туралы екіжақты келісімі бар. Оның шеңберінде түрік тарапымен жұмыс қолға алынды.

«Бүгінде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық фактілер жан-жақты зерттеледі. Аталған іспен Бас прокуратураның арнайы қызметі айналысып жатыр. Күдебаевқа қолдау көрсеткен және мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту үшін жағдай жасаған барлық өңірді қамтитын боламыз», - дейді ол.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды